Samsung Electronics Оңтүстік Кореядағы Yongin қаласында жаңа чип зауытының құрылысын 2029 жылға дейін жеделдетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Компания жартылай өткізгіштерге сұраныстың артуына байланысты жобаны бастапқы жоспардан ертерек іске қосуды көздейді. Зауыт Yongin қаласындағы жоғары технологиялық кластерде орналасады.