Samsung Electronics America компаниясы Нью-Джерси штатындағы жұмыс күшін 739 адамға қысқартатынын жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қысқартулар WARN (Worker Adjustment and Retraining Notification) заңына сәйкес хабарланған. Бұл туралы нақты мәліметтер әлі толық ашылмаған, бірақ Reuters агенттігінің хабарлауынша, қысқартулар компанияның қайта құрылымдау жоспарының бөлігі болуы мүмкін.