Мамыр айында «Самрук-Қазына» «Қазақтелекомдағы» өз үлесін 91,27%-ға дейін арттырды. Қор оператордағы бұрын Нұрлан Артықбаевтың Telecom Systems компаниясына тиесілі үлесті сатып алды, деп хабарлады QAMS миноритарлық акционерлер қауымдастығы. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

QAMS-та KASE-нің «Қазақтелеком» бойынша акционерлер тізілімінен үзіндіге сілтеме жасап, компания акцияларының негізгі сатушысы Telecom Systems болғанын атап өтті. Ол ұлттық телекоммуникация операторының 9,84% акциясындағы өз үлесін «Самрук-Қазынаға» толығымен сатты.

QAMS деректері бойынша, «Самрук-Қазына» «Қазақтелекомның» тағы 0,59% акциясын басқа миноритарлық акционерлерден сатып алды. Нәтижесінде квазимемлекеттік қордың компаниядағы үлесі 10,43%-ға өсті.

Telecom Systems компаниясының иесі – құрылыс, қазіргі уақытта тау-кен өндірісі саласындағы кәсіпкер Нұрлан Артықбаев. 2024 жылы ол Jusan Bank-тен (қазіргі Alatau City Bank) «Қазақтелекомның» 8,9% акциясын сатып алды. 2025 жыл бойы Артықбаевтың компаниясы оператордағы үлесін біртіндеп арттырып, 2025 жылдың соңында 9,84% акцияға жеткізді.

Нұрлан Артықбаев капиталы $508 млн болатын ең бай бизнесмендер рейтингінде 21-орында тұр. Ол Qazaq Stroy және Exclusive Qurylys компанияларында, сондай-ақ «Қазақмыс Корпорациясында» мажоритарлық үлеске ие.

Бұған дейін «Самрук-Қазына» қоры «Қазақтелекомның» 10,43% жай акциясын сатып алып, өз үлесін 80,85%-дан 91,28%-ға дейін арттырғаны хабарланған болатын.