Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Канаданың Келоуна қаласында өткен Гран-при сериясының екінші кезеңінде қысқа бағдарлама бойынша бесінші орынды иеленді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Өз өнері үшін ол 71,84 ұпай алды. Жарысты жапондық Мао Симада 82,11 ұпаймен бастап тұр.
Екінші орында американдық Изабо Левито — 78,50 ұпай. Үздік үштікті Эстония өкілі Нина Петрыкина — 77,24 ұпаймен қорытындылайды.
Еркін бағдарламаны сырғанаушылар Астана уақытымен 2 қарашаға қараған түнде ұсынады. Өнер көрсету қорытындысы бойынша кезеңнің жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталады.
