Қазақстандық таеквондист Самирхон Абабакиров Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының ширек финалына шықты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
68 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда Қазақстан өкілі Вьетнам спортшысы Ле Туанмен кездесті. Абабакиров раундтар бойынша 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Ширек финалда қазақстандық Оңтүстік Корея өкілі Мун Джинхомен кездеседі.
Бұған дейін «Курсив» Қазақстанның 3 қазанда қандай медальдар үшін күресетіні туралы жазған болатын.
