Қазақстанда салықты үш айдан астам уақыт төлемеген азаматтарға елден шығуға тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Тиісті шаралар салық төлеуден жалтаратын азаматтарға қатысты қолданылуы мүмкін. Аталған мәселе салық органдарының бақылауында.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін де салықты уақытында төлемеген азаматтарға қатысты әртүрлі әкімшілік шаралар қолданылып келген.
