Салтанаттың әкесі Амангелді Нүкенов Қуандық Бишімбаевты айуанға теңеп, оны өмір бақи түрмеге қамайды деп үміттенетінін айтты.
«– Күнде өліп, күнде тіріліп жатырмыз. Бүкіл әлем өмір бақи түрмеге қамау керек деп айтып жатыр. Біз қазақпыз. Біз дала заңын құрметтейміз. Мен бұл айуан өмір бақиға сотталады деп үміттенемін, – деді Амангелді Нүкенов.»
—
Ал жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбақова экс-министр Қуандық Бишімбаевқа 20-25 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін деп болжайды.