Құрылтай сайлауында түске дейін қазақстандықтардың 53,12 проценті дауыс берді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Орталық сайлау комиссиясына түскен ақпаратқа сәйкес, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша 6 696 002 адам дауыс беріп үлгерген. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 53,12 %-ын құрады.
Белсенді өңірлер
Белсенді өңірлер қатарында Абай, Ақмола, Қызылорда, Қарағанды, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары бар. Алматыда бұрынғыдай халықтың белсенділігі төмен.
Өңірлер бойынша дауыс беру көрсеткіштері
- 01Астана қаласы бойынша – 40,92%.
- 02Абай облысы бойынша – 63,07%.
- 03Ақмола облысы бойынша – 61,15%.
- 04Ақтөбе облысы бойынша – 60,87%.
- 05Алматы облысы бойынша – 54,57%.
- 06Атырау облысы бойынша – 54,49%.
- 07Батыс Қазақстан облысы бойынша – 50,21%.
- 08Жамбыл облысы бойынша – 50,58%.
- 09Жетісу облысы бойынша – 62,89%.
- 10Қарағанды облысы бойынша – 62,79%.
- 11Қостанай облысы бойынша – 55,86%.
- 12Қызылорда облысы бойынша – 64,22%.
- 13Маңғыстау облысы бойынша – 50,65%.
- 14Павлодар облысы бойынша – 54,01%.
- 15Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 58,63%.
- 16Түркістан облысы бойынша – 57,72%.
- 17Ұлытау облысы бойынша – 53,31%.
- 18Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 61,10%.
- 19Алматы қаласы бойынша – 30,36%.
- 20Шымкент қаласы бойынша – 55,32%.
Айта кетері, Құрылтай сайлауында дауыс беруге құқылы қазақстандықтардың жалпы саны 12 605 788 адамды құрайды.
