Орталық сайлау комиссиясы сағат 12:00-ге дейін дауыс берген азаматтардың санын жариялады. Осы уақытта сайлаушылардың 37%-дан астамы дауыс беріп үлгерді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Республика бойынша барлығы 4 670 818 адам дауыс берген. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 37,05%-ын құрайды.

Белсенді өңірлер

Қазіргі кезде Қызылорда, Қарағанды, Жетісу, Түркістан, Шымкент, Ақтөбе облыстарының тұрғындары дауыс беруге белсене қатысып жатыр. Алматыда халықтың белсенділігі төмен.

Өңірлер бойынша дауыс беру көрсеткіштері

  • 01Астана қаласы бойынша – 35,28%
  • 02Абай облысы бойынша – 38,51%
  • 03Ақмола облысы бойынша – 39,57%
  • 04Ақтөбе облысы бойынша – 42,53%
  • 05Алматы облысы бойынша – 39,05%
  • 06Атырау облысы бойынша – 35,84%
  • 07Батыс Қазақстан облысы бойынша – 35,49%
  • 08Жамбыл облысы бойынша – 35,54%
  • 09Жетісу облысы бойынша – 47,29%
  • 10Қарағанды облысы бойынша – 40,56%
  • 11Қостанай облысы бойынша – 34,72%
  • 12Қызылорда облысы бойынша – 47,59%
  • 13Маңғыстау облысы бойынша – 34,68%
  • 14Павлодар облысы бойынша – 35,74%
  • 15Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 38,13%
  • 16Түркістан облысы бойынша – 43,14%
  • 17Ұлытау облысы бойынша – 34,93%
  • 18Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 41,89%
  • 19Алматы қаласы бойынша – 17,87%
  • 20Шымкент қаласы бойынша – 41,60%

Айта кетері, Құрылтай сайлауында дауыс беруге құқылы қазақстандықтардың жалпы саны 12 605 788 адамды құрайды.