Сайлауға қатысатын жеті партияның ішінен сайлау жарнасын тек «Байтақ» және «Әділет» партиялары ғана төлеуі керек. Бұл туралы брифингте Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, алғаш рет сайлауға қатысып отырған «Әділет» партиясы барлық кандидаттар үшін сайлау жарнасын толық көлемде төлеуі тиіс.

«Сайлау туралы» Конституциялық заңның 88-бабына сәйкес, партиялық тізім ұсынған партиялар тізімге енгізілген әрбір кандидат үшін 15 ең төменгі жалақы мөлшеріндегі жарнаны ОСК шотына аударады.

Алдыңғы сайлауда кемінде 5% дауыс жинаған партиялар жарна төлеуден босатылады.

«Байтақ» партиясы өткен сайлауда 2,3% дауыс жинаған. Осыған байланысты ол белгіленген жарна мөлшерінің 70% төлеуі тиіс.

«Байтақ» партиясының тізіміне 47 адам енген. Әрбір кандидат үшін партия 892,5 мың теңгеден аударған. Жарнаның жалпы сомасы 41,947 млн теңгені құрады.

Бұған дейін «Курсив» 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Құрылтай депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінгенін жазған еді. ОСК бұл шығындарды республикалық бюджетте алдын ала қарастыру мүмкін болмағанын, өйткені бюджет сайлау тағайындалғанға дейін бекітілгенін түсіндірді.