Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын тағайындады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл қызметті ол бұрын да атқарған, ал Конституция бойынша Құрылтай сайлауынан кейін жоғары сот төрағасы, ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы, ұлттық банк төрағасы мен адам құқықтары жөніндегі уәкіл қайта тағайындалуға тиіс.

Сағымбаев туралы не білеміз

58 жастағы генерал-лейтенант Қазақ политехникалық институтын бітірген. Артынан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алған. 2021 жылы ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолы

  • 011994-2006 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел және басшы лауазымдарында қызмет атқарды;
  • 022006-2019 жылдары – ҚР Президентінің Күзет қызметінің жедел және басшы лауазымдарында қызмет атқарды;
  • 032019-2021 жылдары – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР Президентінің Күзет қызметінің бастығы болды;
  • 042021-2022 жылдары – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндеттерін атқарушы, бастығы болды;
  • 052022 жылғы қаңтардан бастап – ҚР ҰҚК төрағасы.