Қазақстанда сәндік салық 2026 жылы енгізілгенімен, алғашқы төлемдер тек 2027 жылы жүзеге асырылады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекеттік кірістер комитетінің өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру басқармасының басшысы Гүлмира Смағұлованың айтуынша, 2026 жылы сәндік салық төленбейді. «2027 жылы біз 2026 жыл үшін салықты есептейміз, сонда сәндік салық нормалары іске қосылады», — деп түсіндірді ол.
Жылжымайтын мүлік бойынша сәндік салыққа жиынтық бағалау құны 450 миллион теңгеден асатын жеке тұлғалар жатады. Бұл нарықтық құн емес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізетін бағалау екенін атап өткен жөн.
Есептеу үшін бір шаршы метрдің құны Астана, Алматы және Шымкентте 60 мың теңге, ал облыс орталықтарында 36 мың теңге деңгейінде белгіленген.
Салықты өз бетінше есептеу мен декларациялаудың қажеті жоқ, өйткені бұл МКК жүзеге асырады. Салық сомасы туралы хабарлама банк қосымшаларында алдын ала, шамамен 2027 жылдың маусымында пайда болады. Төлеу мерзімі — 1 қазан.
