Швецияның әскери-өнеркәсіптік компаниясы Saab Украинамен 2,54 миллиард доллар сомасына Gripen жойғыш ұшақтарын жеткізу туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Келісімшарт аясында Украина әуе күштері заманауи Gripen ұшақтарын алады, бұл елдің қорғаныс қабілетін айтарлықтай арттырады. Бұл келісім Украинаның әскери авиациясын жаңғырту бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.
