Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA 500 санатындағы турнирлердің негізгі сеткаларында 80 жеңіске жету жылдамдығы бойынша тарихтағы үздік төрт теннисшінің қатарына кірді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
OptaLena деректеріне сәйкес, Рыбакина бұл мерейтойлық көрсеткішке бар болғаны 117 матчта қол жеткізді. Айтулы жетістік оған Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан ағымдағы турнирдің екінші айналымындағы жеңісінен кейін бұйырды.
OptaLena статистикалық ресурсының мәліметінше, 2009 жылы турнирлік сетка реформасынан кейін бұл межеге одан да жылдам жеткен тек үш чемпион болған.
Еленаның әсерлі статистикасы бұл рекордпен шектелмейді. Ол мансабындағы ең үздік жылын өткізіп, турда сөзсіз көшбасшылықты ұстап отыр.
Бұған дейін «Курсив» Елена Рыбакинаның Нинбодағы титулын қорғауды өзбекстандық теннисшіні жеңуден бастағанын жазған болатын.
