Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина теннис тарихындағы бір турнир үшін ең үлкен жүлдеге ие болды. Ол US Open атағы үшін 5,5 млн АҚШ долларын жеңіп алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Алдыңғы рекорд та Рыбакинаға тиесілі болған

Өткен рекорд да қазақстандық теннисшіге тиесілі болған. 2025 жылы Эр-Риядтағы WTA финалында жеңіске жеткені үшін Рыбакина 5,2 миллион доллар табыс тапты.

Әлемнің бірінші ракеткасы

9 қыркүйекте US Open жартылай финалына шығу Рыбакинаға әлемдік рейтингтің бірінші қатарына кепілдік берді. 14 қыркүйектен бастап ол өзінің мансабында ғана емес, жалпы Қазақстан теннис тарихында тұңғыш рет әлемнің алғашқы ракеткасы атанады.

Тоқаев құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны US Open-дегі табысымен құттықтап, бүкіл ел спортшының жетістіктерімен мақтанатынын атап өтті.

Соболенконың сериясы үзілді

Бұған дейін US Open-ді екі жыл қатарынан Беларусь теннисшісі Арина Соболенко жеңіп алған болатын.