Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, әлемнің бірінші ракеткасы Рыбакина финалда Канада өкілі, әлемдік рейтингтің 30-сатысында тұрған Лейла Фернандеспен кездесті. Қазақстандық теннисші қарсыласын екі сетте де 6:2 есебімен жеңді.
Осылайша, Рыбакина Нинбода 2025 жылы жеңіп алған чемпиондық атағын қорғап қалды. Турнирдегі жеңісі үшін қазақстандық спортшы рейтингтік 500 ұпайға ие болды.
