Рудный қаласындағы ERG Service компаниясының металлургиялық зауытында жұмыс орнындағы оқыс оқиға салдарынан бір жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 19 маусымда жөндеу-механикалық металл прокаттау зауытының өндірістік цехында болған. Сталь балқыту пешінде жұмыс істеу кезінде шихтовщик қаза тапты.
«Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды, болған оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтайтын тергеу басталды», — деп хабарлады кәсіпорында.
Компания қайтыс болған адамның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, отбасына қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.
Бұған дейін «Курсив» «Востокцветмет» ЖШС-нің Артемьев кенішінде жұмысшының қаза тапқаны туралы жазған болатын. Ер адамды тау жынысы басып қалған еді.
