Рудный қаласында әйел бесінші қабаттан үйге жалғасқан кафенің шатырына құлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына құтқарушылар жедел келіп жетті. Олар құтқару арқаны мен носилканың көмегімен зардап шеккен әйелді абайлап төмен түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Төтенше жағдайлар министрлігі еске салады: төтенше жағдайлар туындаған кезде дереу 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.

Бұған дейін «Курсив» Алматыда тоғыз қабатты үйдегі өрттен 26 адамның құтқарылғанын жазған болатын.