АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Украинадағы қақтығысты келіссөз арқылы шешу әзірге мүмкін болмай тұрғанын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Келіссөз арқылы реттеу мүмкіндігі жоқ
Рубио грек басылымына берген сұхбатында қазір келіссөз арқылы реттеу мүмкіндігі жоқ сияқты екенін айтты.
«Қазір келіссөз арқылы реттеу мүмкіндігі жоқ сияқты. Біз оның жүзеге асуына ықпал ету үшін қолдан келген кез келген рөлді атқаруға дайынбыз. Бұған дейін де тырысып көрдік, бірақ әзірге бұған қол жеткізе алмадық», – деді Рубио.
Трамптың мәлімдемесі
Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп жақында тоғызыншы соғысты тоқтататынын мәлімдеген болатын. Ол бұл сөзбен көбіне Украинадағы қақтығысты меңзейді.
«Мен сегіз соғысты тоқтаттым, енді тағы біреуі қалды», – деді Трамп Ақ үйде журналистерге берген сұхбатында.
