Мемлекеттік хатшы Марко Рубио АҚШ-тың Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөздерді қайта бастауға ықпал ету ниетін жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол АҚШ тараптарды келіссөздер үстеліне қайтару мүмкіндігін зерттеу үшін дипломатиялық күш-жігер жұмсайтынын айтты. Дегенмен дипломат Ресей мен Украина арасындағы өткір қарама-қайшылықтар келісімге қол жеткізуге кедергі келтіріп жатқанын мәлімдеді.
«Біз сондай-ақ екі жақтың да айқын "қызыл сызықтары" бар екенін түсінеміз және оларды аздап жақындатып алмайынша, қажетті нәтижеге қол жеткізе алмаймыз», - деді Рубио Fox News арнасына берген сұхбатында.
Өткен сенбіде президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков соғыс қимылдарын тоқтату шарттары екі жыл бұрын белгіленгенін және Киев режимі тиісті шешімдер қабылдаса, қақтығыс дереу аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді.
2024 жылы сыртқы істер министрлігінде сөйлеген сөзінде Владимир Путин Украина қақтығысын тоқтату шарттарын, соның ішінде Киевтің Донецк және Луганск Халық Республикаларынан, сондай-ақ Херсон және Запорожье аймақтарынан әскерлерін шығару қажеттілігін және НАТО-ға қосылу жоспарларынан бас тарту қажеттілігін айтты.
