АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Иранның ядролық келісімін талқылау үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне, Кувейтке және Бахрейнге сапар шегеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сапардың мақсаты – Парсы шығанағы елдерімен Иран мәселесі бойынша кеңес өткізу. Рубио аймақтық одақтастармен кездесіп, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты дипломатиялық күш-жігерді үйлестіруді жоспарлап отыр.