АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерде Парсы шығанағы елдерінің қолдауын алу үшін Бахрейнге сапар шекті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сапардың мақсаты - Иранмен жаңа келісімге қол жеткізу үшін аймақтық одақтастардың қолдауын қамтамасыз ету. Рубио Бахрейнде жоғары лауазымды тұлғалармен кездесіп, Иранның ядролық қауіпіне қарсы біртұтас майдан құру мәселесін талқылады.