Нидерландтың Роттердам қаласындағы портта бейсенбі күні болған жарылыс салдарынан кемінде бір адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қалалық полицияның мәліметінше, жарылыс Еуропадағы ең ірі портта бейсенбі күні таңғы уақытта болған. Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу жүргізіліп, жарылыстың себебі анықталуда.
Роттердамның жедел жәрдем қызметі портта ірі электр қуатының өшкенін хабарлады. Трансформаторда түсініксіз жағдайда өрт шыққаны айтылды. Бірнеше сағаттан кейін порттың өнеркәсіптік аймағындағы кәсіпорындарға электр қуаты біртіндеп қалпына келтірілді.
Портта мұнай және газ компаниялары орналасқан, өрт сөндірушілер дайын тұр.
