Португалиялық футболшы, бес дүркін «Алтын доп» иегері Криштиану Роналду 2026/27 маусымы оның кәсіби карьерасындағы соңғы маусым болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

41 жастағы шабуылшы бұл туралы Vogue журналына берген сұхбатында айтты. Форвард спорттағы тәжірибесі 25 жылға созылғанын және оның болашағы толық жоспарланғанын атап өтті. Ол көбірек саяхаттағысы келетінін, отбасымен уақыт өткізгісі келетінін, сондай-ақ падел-теннис ойнағысы келетінін жеткізді.

Бұған дейін португалиялық ойыншы 2026 жылғы маусым-шілде айларында өткен футболдан әлем чемпионаты оның карьерасындағы соңғы мундиаль болғанын растаған болатын. Португалия құрамасы сол турнирден 1/8 финалда Испаниядан 0:1 есебімен ұтылып, жарыстан шығып қалды.

Қазіргі уақытта Роналду «Әл-Наср» сапында ойнауды жалғастыруда. Оның клубтық футболдағы басты мақсаттарының бірі – карьерасындағы 1000 ресми голдық тарихи белгіден өту.

Бұған дейін «Курсив» Роналду ұзақ жылдардан кейін ақыры сүйіктісі Джорджина Родригеске үйленгенін жазған болатын.