Rockstar Games компаниясы Grand Theft Auto VI (GTA VI) ойынына алдын ала тапсырыстар 25 маусымда ашылатынын ресми түрде жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әзірлеушілер бұл ақпаратты X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жариялады. Бірнеше сағат ішінде жарияланым ондаған миллион қаралым жинады.

«Grand Theft Auto VI үшін алдын ала тапсырыстар ресми түрде 25 маусымда цифрлық дүкендерде және басқа да ірі сатушыларда басталады. Ресми мұқаба суретін, сондай-ақ жүктеп алуға болатын суретті мына сілтемеден қараңыз: https://t.co/XPwC8URCQ4», — делінген Rockstar Games хабарламасында.

Анонспен бірге компания болашақ ойынның ресми суреті мен мұқабасын ұсынды.

Rockstar Games мәліметінше, алдын ала тапсырысты PlayStation Store және Microsoft Store цифрлық дүкендері, сондай-ақ ірі бөлшек сатушылар арқылы ресімдеуге болады. Алайда GTA VI құны әзірге жарияланбаған.

Қазіргі уақытта ойынның ресми парақшасында расталған платформалар ретінде тек PlayStation 5 және Xbox Series X|S көрсетілген. ДК нұсқасы әзірге ресми түрде расталмаған.

Grand Theft Auto VI ойнауға 2026 жылдың 19 қарашасында мүмкін болады. Бұған дейін Rockstar шығарылым күнін кейінге шегерген болатын: бастапқыда ойынды ертерек шығару жоспарланған, бірақ кейін релиз 2026 жылдың соңына қалдырылды.

Бұған дейін «Курсив» GTA 6 әзірлеуге $6 млрд дейін жұмсалуы мүмкін екенін жазған болатын.