Қытайдың Honor компаниясы шығарған гуманоид робот Бейжіңде өткен жарыста 100 метрді 9,32 секундта жүгіріп, Юсейн Болттың әлемдік рекордын жаңартты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Honor компаниясының мәліметінше, Lightning деп аталатын жұқа қара-қызыл робот Бейжіңде өткен Дүниежүзілік гуманоид роботтар ойындарында бұл қашықтықты 9,32 секундта жүгіріп өтті.

Сегіз дүркін Олимпиада чемпионы Болт 2009 жылы адамдар арасындағы әлемдік рекордты 9,58 секундпен белгілеген еді.

Сенбіде басталған роботтар ойындарының бағдарламасына бокс, футбол, сондай-ақ кір жуу сияқты тұрмыстық тапсырмалар кіреді.

Ойындарға 16 елден 2000-нан астам робот қатысады деп күтілуде. Бұл іс-шара Қытайдың робототехникаға салған ірі инвестициясын көрсетеді.