Робби Уильямс Перу астанасы Лимадағы концерті тоқтатылған соң қонақүй алдында жанкүйерлермен бірге ән шырқады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әнші Лимадағы стадионда өтетін концерті тоқтатылған соң қонақүй сыртында жоспарланбаған қойылым көрсетті.
Билік өкілдері Arena 1 Park алаңындағы концерттің өтпейтінін жариялап, алаңның қауіпсіздік ережелерін сақтамағанын себеп етті.
Робби Уильямс қонақүйінің сыртында жиналған жанкүйерлерге өзінің «жүрегі жаралы» екенін айтып, қуанышты тобырмен бірге қысқаша ән шырқады.
