Рияд әуежайында ұшақтан түтін шыққаны байқалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға туралы нақты мәліметтер әзірге аз. Reuters агенттігі түтіннің ұшақтан көтерілгенін растады, алайда себептері мен зардаптары туралы қосымша ақпарат берілмеген.

Әуежай маңындағы жағдайға қатысты ресми органдардың мәлімдемесі әзірге жарияланған жоқ. Оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізілуде.