Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында екі тікұшақтың әуеде соқтығысуы салдарынан алты адам қаза тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға 14 маусым күні таңертең қаланың батысындағы Рекрейо-дус-Бандейрантес ауданында болды. Бразилиялық G1 телеарнасының хабарлауынша, екі тікұшақ әуеде соқтығысып, екеуі де құлаған.

Куәгерлердің айтуынша, тікұшақтар тікелей әуеде соқтығысқан, содан кейін екі әуе кемесі де апатқа ұшыраған. Рио-де-Жанейро өрт сөндіру қызметінің өкілі майор Фабио Контрерас: «Борттағы ешкім аман қалмады», — деп мәлімдеді.

Қаза тапқандардың жеке басы әзірге ашылмай отыр. Әуе апатының мән-жайы анықталып жатыр.

Бұған дейін «Курсив» Үндістанда әскери ұшақтың құлап, әуе базасында өрт шыққаны туралы жазған болатын.