2023 жылы Римдегі Треви субұрқағы рекордтық «табысқа» кенелді. Туристер субұрқаққа 1,6 миллион еуро шамасында тиын лақтырған, деп хабарлайды qazaqyia.kz/.

Көрнекі орынға түскен қаражатты игерумен айналысатын Caritas қайырымдылық ұйымы өкілдерінің айтуынша, 2022 жылы бұл сома сәл азырақ, яғни 1 миллион 430 мың евро болған.

Римдік Acea энергокомпаниясының қызметшілері субұрқаққа түскен тиындарды аптасына бірнеше рет жинайды. Туристер маусымы басталған кезде тиындар күнде жиналады. Кейін олар қаптарға салынып, сұрыптауға жіберіледі.

фото: ғаламтордан

qazaqyia.kz/