Рим Папасы Лев XIV 2026 жылғы 4 шілдеде, АҚШ-тың Тәуелсіздік күнінде, Италияның Лампадуза аралына сапар шегіп, бостандық пен гүлдену іздеп қайтыс болған мигранттарға дұға етті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Папа Лампадузадағы зиратқа барып, кеме апаттарынан қаза тапқан екі нәрестені қоса алғанда, мигранттардың қабірлеріне тағзым етті. Ол сондай-ақ "Еуропа есігі" ескерткішінің жанынан өтіп, мигранттарды қабылдау орталығында болды.
Лампадуза аралы Жерорта теңізі арқылы Еуропаға өтуге тырысқан мигранттар үшін негізгі кіру нүктесі болып саналады. 2013 жылы арал маңындағы кеме апатынан 368 адам қаза тапқан болатын. Осы оқиғадан кейін құрылған "3 қазан комитетінің" президенті Тареке Брхане Папаның сапарын жоғары бағалады.
Папа Лев XIV өзінің сөзінде мигранттардың қайғылы тағдырына тоқталып, халықаралық қоғамдастықты мигранттарды қорғауға шақырды. Ол "Біз олардың өліміне үнсіз қарай алмаймыз" деп мәлімдеді.
