Рим Папасы Лео XIV Барселонаға сапары кезінде әйгілі Саграда Фамилия базиликасына барып, Каталонияның киелі Монтсеррат тауындағы монастырда дұға етеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Папаның сапары 2026 жылдың маусым айына жоспарланған. Саграда Фамилия — Антонио Гаудидің әйгілі шығармасы, әлемдегі ең танымал туристік нысандардың бірі. Монтсеррат монастыры Каталонияның рухани орталығы саналады.
Папа Лео XIV бұл сапар арқылы Каталонияның мәдени және діни мұрасына құрмет көрсетуді жоспарлап отыр. Сапар барысында ол жергілікті билік өкілдерімен кездесіп, діни шараларға қатысады.
