Рим Папасы Лео XIV Барселонадағы Саграда Фамилия шіркеуін «тас, түс және жарықтың шедеврі» деп сипаттап, оның ең жаңа әрі ең биік мұнарасын ашты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпан айында аяқталған алып Иса Мәсіх мұнарасы шіркеудің биіктігін 172,5 метрге (566 фут) жеткізіп, оны әлемдегі ең биік шіркеуге айналдырды.

Папаның осы әйгілі базиликаға сапары сәулетші Антонио Гаудидің қайтыс болғанына 100 жыл толуымен тұспа-тұс келді.

Қызметке Испания королі Фелипе VI мен патшайым Летисия, сондай-ақ премьер-министр Педро Санчес қатысты.

Папаның сенбіде басталған Испанияға апталық сапары 15 жыл ішіндегі алғашқы папа сапары болып табылады.