Риддер қаласында 13 жастағы қыз спорттық мотокөлікпен атты байлап қойған арқанға соғылып көз жұмды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиға 23 тамыз күні болды. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, алдын ала ақпарат бойынша жасөспірім тұрғын үйге жақын маңда атты байлаған арқанға соғылып, ауыр жарақат алған.
Көлік құралын басқарған жасөспірім оқиға орнында көз жұмды. Ал 15 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді.
Кәмелетке толмаған адамның абайсызда қаза болуына байланысты Риддер қаласы полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Жануардың иесі анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.
