Ресейлік ястребтер президент Владимир Путинді Украинадағы соғысты күшейтуге және АҚШ-пен келіссөздерді тоқтатуға шақырады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Украина терең соққылар жасағаннан кейін, ресейлік саяси элитаның бір бөлігі Путинге қатаң шаралар қабылдауды ұсынуда. Олардың пікірінше, АҚШ-пен диалог тиімсіз және соғысты жалғастыру қажет.
