Ресейдің жетекші тәуелсіз газеті «Новая газета» кеңсесінен шығарылып, биліктің қысымына ұшырағаннан кейін жабылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

30 жыл бойы «Новая газета» елдегі коррупция, адам құқықтарының бұзылуы және билікті асыра пайдалану туралы тергеулер жариялап келді.

Дүйсенбі күні газет ұжымы соңғы редакциялық жиналысын өткізіп, заттарын жинап, кеңседен шықты.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей БАҚ-ы алуан түрлі екенін және газеттің жабылуы «стандартты ротациялық процестің» бөлігі екенін мәлімдеді.

BBC газеттің негізін қалаушылардың бірі, Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты Дмитрий Муратовпен жабылу туралы сұхбаттасты.