2026 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында Ресейдің Қазақстанға шай экспорты 9 млн доллардан асты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ресейдің Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды дамыту жөніндегі федералдық орталығының мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында (ЕАЭО елдерінің шілде айындағы деректерін есептемегенде) Ресей шамамен 54 миллион долларға 6 мың тонна шай экспорттады. 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жеткізу көлемі заттай түрде 6%-ға, ал ақшалай мәнде 20%-ға өскен.
Шайды ең көп импорттайтын бес ел: - Беларусь — 25 миллион доллардан астам; - Қазақстан — 9 миллион доллардан астам; - Әзербайжан — 3,5 миллион доллардан астам; - Қырғызстан — 2,7 миллион долларға жуық; - Өзбекстан — 2,5 миллион доллардан астам.
Экспорттық түсім мына елдерде артты: - Беларусьте 6,3 миллион долларға; - Молдовада 1,3 миллион долларға; - Қазақстанда 860 мың долларға.
