Ресейдің Қара теңіз жағалауындағы курорттық қалада казактар мен еріктілер жанармай бекеттерінде тәртіп сақтауға көмектесуде. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жергілікті билік жанармай тапшылығы кезінде тәртіпті қамтамасыз ету үшін казактар мен еріктілерді тартты. Олар жанармай бекеттерінде кезекті бақылап, дау-жанжалдардың алдын алуға көмектеседі.
