Қазақстан Ресей Федерациясынан кіргізілмек болған тауық жұмыртқалары кері қайтарылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 252 мың дана жұмыртқа ветеринариялық құжаттарсыз болған.

«Жайсаң» бекетінде анықталды

«Жайсаң» ветеринариялық бақылау бекетінде ветеринариялық бақылау қызметкерлері Ресей Федерациясынан Байқоңыр қаласына бағыт алған көлік құралын бақылау барысында тасымалданатын жүкке қажетті ветеринариялық құжаттардың жоқ екенін анықтады», — деп жазылған хабарламада.

Құқық бұзушылық бойынша шаралар

Аталған құқық бұзушылық бойынша тиісті акт және әкімшілік хаттама толтырылып, жұмыртқа Ресейге кері қайтарылды.

Тасымалдаушыға ветеринариялық заңнама талаптары және бақылаудағы өнімдерді мемлекеттік шекара арқылы өткізу қағидалары түсіндірілді.