Ресейде металлургиялық комбинат аумағында екі қазақстандық қаза тапты, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға «Северсталь» компаниясының негізгі активі саналатын Череповец металлургиялық комбинатының (ЧерМК) өнеркәсіптік алаңында болған

««14 қаңтарда ЧерМК өндірістік алаңының аумағында мердігер ұйымдардың екі қызметкері – Қазақстан азаматтарының денесі табылды. Қазіргі уақытта өлім себептері тергеліп жатыр. Оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеуде. Қызметкерлердің туыстарына терең көңіл айтамыз», – делінген «Северсталь» компаниясының хабарламасында.»

Вологда облысы бойынша Ресейде Тергеу комитетінің мәліметінше, оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Болған жағдайдың себептері анықталуда.