Ресейдің Амур облысында Ту-95 ұшағы апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан экипаждың алты мүшесі қаза тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ұшақ оқу-жаттығу рейсі кезінде адам тұрмайтын жерге құлаған. Экипаждың бір мүшесі ауруханаға жеткізілді. Ұшақта оқ-дәрі болмаған. Оқиға орнына Ресейдің Аэроғарыш күштері комиссиясы аттанды.
