Ресей Украинаның мұнай өңдеу зауыттарына жасаған шабуылдарынан кейін Үндістаннан бензин импортын арттыруда. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Дереккөздердің айтуынша, Ресейдің ішкі нарығындағы бензин тапшылығын өтеу үшін Үндістаннан қосымша көлемде бензин сатып алу жоспарлануда. Украинаның дрондармен жасаған шабуылдары ресейлік мұнай өңдеу зауыттарының бір бөлігін істен шығарды, бұл елдегі жанармай өндірісіне кері әсерін тигізді.
