Ресей Украинаның ұшқышсыз ұшу аппараттарына (дрондар) қарсы күресте Илон Масктің Starlink спутниктік байланыс жүйесін бұғаттауға тырысуда. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Starlink жүйесі Украина әскерімен кеңінен қолданылады, оның ішінде дрондарды басқару үшін де пайдаланылады. Ресейдің бұғаттау әрекеттері украиндық дрондардың тиімділігін төмендетуге бағытталған. Алайда, Starlink жүйесінің икемділігі мен тұрақтылығына байланысты ресейлік кедергілердің толық табысты болуы екіталай.
