Ресей Украина бойынша келіссөздерге ашық екенін мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков РИА Новостиге берген сұхбатында. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Біз жалпы келіссөздерге ашықпыз. Біз ашықтықты сақтап отырмыз», – деді Песков.

Украинада сайлау өткізу Мәскеудің келіссөздерді қайта бастауының шарты бола ма деген сұраққа жауап бере отырып, ол «Ресей президенті бұл туралы әлі ештеңе айтпағанын» атап айтты.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Владимир Зеленский Украина қақтығысын бірнеше рет шеше алғанын, бірақ мұны істемегенін айтқан. Сондықтан, оның айтуынша, Украинаға Ресеймен келісімге келе алатын жаңа көшбасшы қажет. Жалпы Трамп Зеленский Украинада сайлау өткізуі керек деп санайды.

Сонымен қатар, Песков Уиткофф пен Кушнердің қазан айында Мәскеуге сапарына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы 9 қазан күні хабарланған болатын.