Ресей Украина бойынша келіссөздер процесіне ашық, деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Сыртқы істер министрлігі бейбіт реттеуге дайындығымыз туралы ұстанымымызды жаңартты. Біз келіссөздер процесіне ашықпыз», - деді Песков тілшілерге.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бейсенбі күні таңертең Манилада кездесті. Лавров Ресейдің Украинадағы қақтығысты саяси және дипломатиялық жолмен шешуге дайын екенін растады және Киев режимін одан әрі қаруландырудың қолайсыздығын айтты. Тараптар сыртқы істер министрліктері арасындағы байланыстарды жалғастыруға келісті.

Сонымен қатар Песков Ресей Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша АҚШ-пен байланыста екенін де айтты. «Біз байланыстарды жалғастырып жатырмыз. Бірақ қазір қандай да бір ілгерілеушілік жайында айтуға негіз жоқ», - деді Путиннің баспасөз хатшысы.