Ресей Украина бойынша келіссөздерді кез келген уақытта қайта бастауға дайын. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айтуынша, Ресей келіссөздерді тоқтаған жерінен кез келген уақытта қайта бастауға дайын. Ол АҚШ-тың әрекеттеріне қарағанда, олар объективті делдал рөліне қатысты кез келген талаптан бас тартып, оның орнына Ресейге қарсы санкциялық қысымды күшейту бағытын ұстанатынын атап өтті.

Лавров Ресей елінің толық қауіпсіз өмір сүруін және өзінің жарқын болашағын қамтамасыз етуді жоспарлап отырғанын айтты. Ол Ресей үшін азаматтарының, орыс әлемімен және орыс мәдениетімен сәйкес келетіндердің де мүдделеріне әлемнің кез келген жерінде қол сұғылмауы маңызды екенін атап өтті.