Ресей Сыртқы істер министрлігі шетелдік әскерлерді Украинаға орналастыруды әскери араласу деп атады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ресей СІМ өкілі Мария Захарованың айтуынша, кез келген шетелдік әскери бөлімшелер Ресей Федерациясы қарулы күштерінің заңды әскери нысанасы ретінде қарастырылады. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Ресей СІМ-нің пайымдауынша, Франция мен Ұлыбританияның бұл әрекеттері арқылы Украинаны Ресеймен ұзақ мерзімді текетірес жүргізуге арналған плацдарм ретінде сақтап қалуды көздейді.
