Ресей қарулы күштері Украинаға әскери жүк жеткізбек болған екі кемені жойды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресейдің қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери мақсаттағы жүктерді тасымалдап бара жатқан екі теңіз кемесіне Черноморск портында және теңізде соққы жасалды. Сонымен қатар, Рыбаковка елді мекенінің маңында «Нептун-2» жағалаулық зымыран кешенінің ұшыру қондырғысына соққы жасалды.