Ресей мен Украина арасындағы әскери тұтқындарды жаңадан алмастыруға қатысты келіссөздер өте белсенді кезеңде тұр. Бұл туралы Ресейдің адам құқықтары жөніндегі уәкілі Яна Лантратова мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Лантратованың сөзінше, Екатеринбургте өткен Халықаралық жастар фестивалі аясында журналистер омбудсменнен Ресей мен Украина арасындағы тұтқындарды жаңадан алмастыруға қатысты диалогтың жай-күйі туралы сұрады.
«Өте белсенді кезеңде. Әзірге нақты күнін айта алмаймыз», – деп жауап берді Лантратова.
Екатеринбургте 11–17 қыркүйек аралығында Халықаралық жастар фестивалі өтіп жатыр. Оған 191 елден 10 000 қатысушы жиналды.
Бұған дейін Ресей мен Украина әскери тұтқындарды алмастырғаны туралы хабарланған болатын.
