Ресей мен Украина әскери тұтқындарды "103-ке 103" форматында алмасты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 19 тамызда Киев режимінің бақылауындағы аумақтан Ресейдің 103 әскери қызметшісі қайтарылды. Оның орнына Украина Қарулы күштерінің 103 әскери тұтқыны берілді.

Қайтарылған ресейлік әскери қызметшілер қазір Беларусь Республикасының аумағында. Олармен Ресейдегі адам құқықтары жөніндегі уәкіл Яна Лантратова жұмыс істеп жатыр.

Әскери ведомствоның мәлімдеуінше, қажетті психологиялық және медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ресейлік әскери қызметшілер одан әрі емделу және оңалту үшін Ресейге, Қорғаныс министрлігінің медициналық мекемелеріне жеткізіледі.

"Ресейлік әскери қызметшілерді тұтқыннан қайтару кезінде Біріккен Араб Әмірліктері гуманитарлық делдалдық көмек көрсетті", — деп мәлімдеді ведомство.

Бұған дейінгі тұтқын алмасу маусым айының соңында "160-қа 160" форматында өткен.